Ақтарсам жүректегi жайдың бəрiн –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Ақтарсам жүректегi жайдың бəрiн» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақтарсам жүректегi жайдың бəрiн.
Мен сенiң қуанышың, қайғыңдамын.
Қарап ем,
көзiң, қалқам, – айдын екен,
Жүзiп жүр аққу емес, айдында мұң.
Моншақ па?
Жанардағы тамшы мұң ба?
Тамшы мұң сенiң татар талшығың ба?
Жанарға үйiрiлген жасты көрiп
Жазықсыз жаным менiң жаншылуда.
Кiршiксiз көңiлiңе кiрбiң iлмей,
Құлпырып өссең деп ем қыр гүлiндей.
Кеудеңде бiр көк теңiз тулай ма əлде,
Мазасыз менiң мынау тiрлiгiмдей?
Сымбатты, сұлу жүзге сызат қонып,
Бiр сезiм ұшты ма əлде ұзаққа алып? –
Дертiңе дауа болар дару таппай
Дал болдым жүрегiмдi жүз ақтарып.
Бiр сөздi табуым хақ қалайда iзгi;
Тiлегiм – мұң шалмағай арай жүздi.
...Ақылдан адастырып бұл Қуаныш,
Бұл Қайғы табыстырар талай бiздi...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі