Арзу
Бұл бетте «Арзу» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көңiл шiркiн жасармайды,
Көкiректе – Асан қайғы.
Тоты қыздар көзiне iлмей
Тосырқайды, тосаңдайды.
Тоты қыздар көзге iлмейдi,
Тоқтатқанмен сөз жүрмейдi.
Жүрек байғұс жүдеп iштен
Бiрдеңенi сездiм дейдi...
Көзде бұлау,
Шашта қырау...
Қайран өмiр қас қағым-ау.
Хал-жайымнан хабар алмай
Қайда жүрсiң, Жас шағым-ау?
Келермiсiң, айхой, маған!..
Демеймiсiң: «қайта айналам...»?
Жан дауысы жүрегiмнiң
Жетер ме екен айқайлаған?..
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі