Әй, ақ – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Әй, ақ» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 782
Әй, ақ...
пәк қыз...
әппақ қыз,
кінәлама
күнәға да батпақпыз!
(Жанымызды сақта, құдай,
тағы да
тәнімізді қызыл шоққа қақтаппыз!)
Кеш құшам ба,...
өшті шам да,
әппақ қыз,
әрнені айтып,
әлдекімді мақтаппыз...
..."Сезім де жоқ,
сөзім де жоқ, аға!" — деп,
жайбарақат...
жатты ақ қыз!
...Ендігісін жұтып сол түн,
жалмап ән,
есім ауып...
есте бірі қалмаған...
...Түк көрмеген сияқтанып әппақ қыз
жайраң қағып бара жатты...
таңқалам!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әй, ақ өлеңінің авторы кім?

Сәкен Иманасов — осы өлеңнің авторы.

Әй, ақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әй, ақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Иманасов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әй, ақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері