Бұл бетте «Жылдар өтті» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жылдар өтті нәзік сәуле іздеумен,
Күле қарап, ызғар шашқан жүздерден.
Мұз таулардың қойнауындай сіресіп,
Қалды менің қырау шалған мұзкеудем.
Маған ғана тұрғандайақ күн қызбай,
Қалтырайды бақшамдағы гүл мұздай.
Кірпігіме қатып калды байланып,
Мұз тамшылар кіпкішкентай жұлдыздай.
Шақырғандай борандатқан өлімді,
Ойым онға, санам санға бөлінді.
Бір сұлуды өліпөшіп сүйіп ем,
Оның да ерні мұздай суық көрінді.
Кешір, мені құрсаулаған мұзәлем,
Өмір сүрсем саған деген ызамен.
Ең болмаса жүрегімді суытпа,
Бауырыңа жеткен кезде біз әрең!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі