Жалынғалы тұрғам жоқ, көке, саған – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Жалынғалы тұрғам жоқ, көке, саған» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 14.07.2021
  • 0
  • 0
  • 834
"Жалынғалы тұрғам жоқ, көке, саған,
жақтырмасаң — жайыма кете салам!" —
дедің де Сен...
Сәл ғана тоқтап алып...
отқа барып ұрындық екі есалаң.
Тәнімізді қып-қызыл шоққа қарып,
еркімізбен түстік пе отқа барып,
бірі кәрі, бірі жас — екі "жынды"
басты байлап беріп ек ноқтаға анық.
Отқа түскен сияқты ек басты байлап,
тәуекелге бара алмай... қаштық айлап.
Сен күлесің: "Қарттыққа дауа жоқ" — деп,
мен жүрмін: "Жиырма бес — жастық — айлап".
Мысқыл да жоқ, мінде жоқ бағанағы,
қарық болып қаңқудың қағанағы.
Қызды құрбан ете алмай
қала бердім
шыжғырылған балықтай табадағы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері