Құдайым бəрiн саған бере салған – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Құдайым бəрiн саған бере салған» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1567
Құдайым бəрiн саған бере салған:
Көркiң бар көрген жанға елес, арман...
Көлденең көк аттының көзi өтпесе,
Тағдыры талай гүлдiң неге солған?
Қорқамын мен солардың тiл-сұғынан,
Қиятын қыршыныңнан тылсымынан.
Кеудемнен Күн шыққандай күй кешемiн,
Жалт етiп қарай қалса нұр-шұғылаң!
Қанша көз сенi күнде iшiп-жейдi,
Қанша жан сенi өзiнше мүсiндейдi...
Сұлулық – қыз баланың «Қыл көпiрi»,
«Қыл көпiр» кiмдi отқа түсiрмейдi?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері