Сенi көргiм келедi де тұрады
Бұл бетте «Сенi көргiм келедi де тұрады» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көзмоншақтай көлдiң көркем құрағы,
Махаббаттың мың бiр мақам құрамы,
Тағдырымның таусылмайтын сұрағы –
Сенi көргiм келедi де тұрады.
Сезiмiмнiң шырын-шəрбет бұлағы,
Қиялымның қияңдағы жұмағы,
Жүрегiмнiң, тiлегiмнiң сыңары –
Сенi көргiм келедi де тұрады.
Есiмдi алған есiл жалған тұмары,
Үмiтiмнiң өшiп-жанған шырағы,
Көңiлiмнiң басылмайтын құмары –
Сенi көргiм келедi де тұрады...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі