Сүйесiң бе сен менi, сүйесiң бе –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Сүйесiң бе сен менi, сүйесiң бе» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сүйесiң бе сен менi, сүйесiң бе,
Түсiңе енiп, жүрем бе жиi есiңде?
Жүз жыл өтсiн, мейлi, мың жыл өтсiн,
Мендiк мынау жүрекке иесiң бе?
«Мезгiл» деген бағынбай шартты ұғымға
Шомылатын шығарсың тəттi мұңға?
Бiздi мынау өмiрдiң толқындары
Жағалауға жаңқадай лақтыруда.
Алдағы күн, кiм бiлсiн, қандай болар,
Шамдай жанар бағыт жоқ маңдайға алар.
Мүмкiн бiздiң арамыз жақын тартып,
Мүмкiн бiздiң арамыз шалғайланар.
Мына дүние мен үшiн тылсым, бөтен,
Өзге жаққа өзiңмен, құрсын, кетем!
Күндiз күлкi, айрылып түнде ұйқыдан
Сен де өмiрден түңiлiп жүрсiң бе екен?..
Ақ төсекте тұншығып əппақ арың,
Айналды ма, кiм бiлсiн, жатқа жарың...
Перiштенiң iлiнiп қанатына
Келiп тұрса қайтедi хат-хабарың?
...Сүйесiң бе сен менi, сүйесiң бе,
Түсiңе енiп, жүрем бе жиi есiңде?
Жүз жыл өтсiн, мейлi, мың жыл өтсiн,
Мендiк мынау жүрекке иесiң бе?..
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі