Айым келедi, сүйiншi, Күнiм келедi!
Бұл бетте «Айым келедi, сүйiншi, Күнiм келедi!» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айым келедi, сүйiншi, Күнiм келедi!
Күлгенi қандай десеңшi, күлiмдегенi?!
Жүргенiн көрсем,
Бөлмеге кiргенiн көрсем,
Денемдi менiң дегбiрсiз дiрiл көмедi.
Күнiм келедi менiң, Айым келедi!
Ай нұрын желең, жамылған қайың денелi.
Ол келсе болды – жамырай алдынан шығып,
Жұмақтың күллi қыздары жайын бередi.
Айым келедi менiң, Күнiм келедi –
Құбақан жүздi,
Гүл өңдi,
Құлын денелi.
Əп-сəтте ұмыт болады,
Абыржып iштен
Айбозым таңға көзiмнiң iлiнбегенi.
Айым келедi, сүйiншi, Күнiм келедi!
Албырап гүлдей қызғылт қан жүгiрген өңi!
Алтыннан артық алқымнан төгiлсе шапақ
Ақ тамағынан ақ таңның сiбiрлегенi!
Күнiм келедi менiң, Айым келедi!
Айым келедi менiң, Күнiм келедi!
- Бенедикт Спиноза
- Ясунари Кавабата
- Мұстафа Шоқай
- Абай Құнанбайұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі