Қалқам да емес – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қалқам да емес» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 771
Қалқам да емес,
Шолпан да емес,
Ай мүсiн
Жанарыңа лағыл жаққан Лəйлiсiң!
Алты алаштың аймағына мəшүүрсiң,
Алты əлемнiң аумағына əйгiсiң!
Көкшедегi көрме тектес қайыңсың,
Көрген кiсi қайтiп көзiн айырсын.
Үр қызынан үркер ерткен қасына
Үлбiреген мақпал мiнез, мəйiнсiң.
Сан сабағы сəусiлдеген сəмбiсiң,
Сымбаттысың, сəукеледей сəндiсiң.
Таңдайыңнан ери шыққан тəттi əуез
Елестетер көз алдыма таң құсын.
Хан сарайдың iшiндегi Ханшасың
Халайықтың қайыл қылған баршасын.
Көздiң жауын ала түскен алмасың,
Жаз бағында жаңа пiскен алшасың!
Шырын да өзiң,
Шекер де өзiң,
Бал да өзiң!
Алма мойын,
Талма бойың,
Тал кезiң...
Таңғажайып түстi қимай жатамын
Тəттi ұйқыдан оянғанда таңбозым...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қалқам да емес өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Қалқам да емес өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қалқам да емес өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қалқам да емес өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері