Бұл бетте «Шынымды айтсам» атты Мылтықбай Ерімбетов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айдын көлдің аққуы,
Қонған кезде барсам ба?
Аяз қысып, гәккуі –
Тоңған кезде барсам ба?!
Көктемдегі қызғалдақ,
Гүлдегенде барсам ба?
Әлде солып, ол қурап,
Күз келгенде барсам ба?
Жазғы жаңбыр дариядай,
Көлдегенде барсам ба?
Бір жұтым су таба алмай,
Шөлдегенде барсам ба?
Таң самалы мазасыз,
Ескен кезде барсам ба?
Ауыл түгел, шамдарсыз,
Өшкен кезде барсам ба?
Түн бүркеген жалқы тал,
Иілгенде барсам ба?
Кедергі боп әр бұта,
Түйілгенде барсам ба?
Деп түсімде, аңсаған,
Ауылыма барыппын.
...Шынымды айтсам, мен саған,
Ғашық болып қалыппын.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі