Сұлулық – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сұлулық» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1799
Сұлулық-ай, сұлулық, жанды жедiң.
Жазылмайтын дертiм бе ең мəңгi менiң?
Əлемiне бiржола ендiм бiлем
«Мың бiр түндей» ғажайып əңгiменiң.
Сұлулық-ай, сұлулық, жанды жедiң.
Қашан саған мейiрiм қанды менiң?
Жалғыз ауыз бəдəуи бəйiтi үшiн
Бар қызықтан баз кешкен бəңгi ме едiм?
Сұлулық-ай, сұлулық, жанды жедiң.
Бағым ба, əлде сорым ба балғын өңiң?
Ойнаса еттi қолымда қос бұрымың,
Оралса еттi мойныма тал бiлегiң!..
Сұлулық-ай, сұлулық, жанды жедiң.
Тараса еттi бойыма таңғы лебiң.
Сен екенсiң, жалғанда жалғыз емiм,
Көкiрегiмнен көшкенше мəңгi демiм!..
Сұлулық-ай, сұлулық...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері