Бұл бетте «Ағашқа қаққан сынадай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ағашқа қаққан сынадай
Арамызға енiп нең бар, Қыз?
Жай бiлгiң келсе сұрамай –
Жаратқан жалғыз, мен жалғыз!
«Қайтатын жол жоқ райдан,
көнемiн» – десең өзiң бiл.
Құдайдың құлын құдайдан
Бөлемiн десең, өзiң бiл.
Алқара аспан, маң дала
Үйi ғой бiздей пенденiң.
Адамға емес, Аллаға
Боласың ендi сен келiн!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі