Қызға сыр бұрынғыдай ақтармадық
Бұл бетте «Қызға сыр бұрынғыдай ақтармадық» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызға сыр бұрынғыдай ақтармадық.
Қарайды мен қамықсам, бақтар налып.
Қызылдың құйын кезген құмдарындай
Қалыпты қайран бетiм қатпарланып.
Қызға əзiл бұрынғыдай айта алмадық,
Өтедi ол шiркiн де қайқаң қағып.
Желегi кеше ғана желпiлдеген
Қалыпты-ау қайран көңiл майқандалып.
Сұрама бурыл тартқан бастың жайын...
Еңсенi ес жидырмай бастың ба, уайым?
Кеудемде бiр қысыр мұң қыңсылайды
Қақпанға түсiп қалған қасқырдайын.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі