Жас талдай бой түзеген қара суда –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Жас талдай бой түзеген қара суда» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жас талдай бой түзеген қара суда
Тал бойың таласып тұр жарасымға!
Жаныма жанай келiп жалт бересiң,
Жанарға үмiт шамын жағасың да.
Жалт берiп сен кетесiң,
Мен қаламын,
Еркесi кең даланың – Кермаралым.
Таусылып құмсағаттай демде амалым,
Елеңдеп, есiк жақты мен бағамын.
Ашылмас кез келгенге қас-қабағы
Арудың тəкаппарлық – тас қамалы.
Көмкерiп төңiректi жүре берер
Төңкерiп тана көзiн тастағаны!
Мен болсам құйып алып мұң жанарға
Қараймын өңге,
меңге,
үр жамалға.
Iшiмнен қорғаштаймын:
Хордың қызы
Қор болып кетпегей деп бiр жаманға...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі