Кешегi кербез жиырма бес – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Кешегi кербез жиырма бес» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 667
Кешегi кербез мəз емес жiгiттiң жайы –
Тақырдай қаңсып таусылды жiлiктiң майы.
Төзiмдi жалап-жүқтаған төсекке ене
Өзеуреп өшiп қалады қос өкпе неге?
Шiренiп тұрып тартатын адырна кəнi?
Қауқарсыз неге, құдай-ау, қазiргi амалы?
Белдегi қуат, бойдағы бесатар қайда?
Тимедi атқан бытырам кеше торғайға...
Желөкпе қызды жетектеп желпiнетiн едiк,
Жетпегiр жүрек неге ерте ентiгедi келiп?
Опалы тұста оталмай бiлтелi мылтық,
Күн өткен сайын барады дiңкенi құртып.
Қолыммен сипап қоямын қорамса сыртын,
Кешегi кербез Жиырма бес оралса, шiркiн!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері