Тəтті күннің тауысып талай дəмін
- 0
- 0
Тəтті күннің тауысып талай дəмін,
Өтті білем басымнан бал айларым? –
Ерте күздің нұрымен енді, міне,
Еріте алмай отырмын самай қарын.
Бұл бетте «Виолетта» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Тəтті күннің тауысып талай дəмін,
Өтті білем басымнан бал айларым? –
Ерте күздің нұрымен енді, міне,
Еріте алмай отырмын самай қарын.
Түн лəззəтiн таба алмай, жан құмарын,
Сан жұлдызға көзiмдi талдырамын.
Көзiңдегi көлiңдi сарқып iшiп,
Қашан ғана шөлiмдi қандырамын?
Табылар ма тағдырдан тілегенім?
Тəңірім-ау, кім жазар жүрек емін?
Қармап жүріп қайғыны құшамын да,
Таңдап жүріп тақырға гүл егемін.
- Нарша Булгакбаев
- Марғұлан Сейсембай
- Әлкей Марғұлан
- Әлкей Марғұлан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі