Түсiме тағы да ендiң, тағы да ендiң
Бұл бетте «Түсiме тағы да ендiң, тағы да ендiң» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Түсiме тағы да ендiң, тағы да ендiң...
Дертiме дауа iздедiң, дəрi бердiң.
Қидың-ау маған бола ғұмырыңды,
Үйдiм-ау бiр басыңа əбiгер, мұң,
Түсiме тағы да ендiң, тағы да ендiң...
Апырай, сəнi екен ғой Аққу көлдiң?!
Əп-сəтте Аққу сынды ақ түрге ендiң.
Шер-мұңмен шегендеулi шермендеңе
Ернiңнен ерiп-балқып тəттi у бердiң.
Түбiне тұңғиық бiр баттым көлдiң...
...Түс көрдiм, қара судан қайық көрдiм,
Қасыма қанатыңды жайып келдiң.
Қолыма қона берiп ұшқан құстай
Тағы да ғайып болдың, ғайып болдың,
Жердi емес, көктi, бəлкiм, лайық көрдiң.
Ғайып болдың...
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі