Менi қалап, менi ұғатын жан барма? – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Менi қалап, менi ұғатын жан барма?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 700
Менi қалап, менi ұғатын жан барма?
Мейiрiме қанығатын жан бар ма?
Оңашада қалғанда бұл жалғанда,
Сағынатын, қамығатын жан бар ма?
Қолтығымнан демейтұғын жан бар ма?
Есiркейтiн, елейтұғын жан бар ма?
Перiштедей перi соққан пендесiн
Желейтұғын, жебейтұғын жан бар ма?
Менi сүйiп, ұнататын жан бар ма?
Жылататын, жұбататын жан бар ма?
Құдайына құлдық ұрып, құзырын
Құбылаға құлататын жан бар ма?
Қолтықтағы қос қанатым талғанда,
«Қош дəурен…» деп
қорымжайға қонғанда,
Екi кештiң арасында елжiреп
Еске алатын,
Кеш қалатын жан бар ма?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Менi қалап, менi ұғатын жан барма? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Менi қалап, менi ұғатын жан барма? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Менi қалап, менi ұғатын жан барма? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Менi қалап, менi ұғатын жан барма? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері