Сұлу

Бұл бетте «Сұлу» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 20.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1110
Ғажабын-ай!
Көрген кезде
Жүрегiңдi жарып жiберердей,
От қылып жағып жiберердей
Мынау сұлулықтың
Азабын-ай!..
Неткен сиқыр бұл?!
Дуалап, арбамай-ақ
Жан алғандай...
Айдың нұрынан,
Ақынның жырынан,
Ақ гүлдiң кекiлi мен
Тереңнiң тұнығынан
Жаралғандай!
Есiң шығып,
Ойың шатасып
Қасына
Барып қалардайсың.
Қасын керiп,
Кiрпiгiн қаққанда
Талып қалардайсың.
Қаласа! –
Құздан қарғып кетердейсiң.
Мәжнүн боп мәңгiп,
Қаңғып кетердейсiң.
Дүниенi ұмытып
Сүйiп қалардайсың.
Жел үрлеген шоқтай
Қып-қызыл ерiнiне
Күйiп қалардайсың.
Ғажабын-ай!
Азабын-ай!
Демi тисе –
Алтынмен
Апталып қалардайсың,
Күлкiсiнiң
Лебi тисе –
Күмiспен
Қапталып қалардайсың.
Аққудай сыланып
Тал шыбықтай бұралып
Үкiдей
Үлпiлдеп тұрғаны-ай!
Сөйлесе –
Ақ тамағы
Сайраған бұлбұлдың көмейiндей
Бүлкiлдеп тұрғаны-ай.
Ғажабын-ай!
Азабын-ай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұлу өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Сұлу өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұлу өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұлу өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері