2-ші топтағы мүгедек – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «2-ші топтағы мүгедек» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 630
Ол үшiн үлкен күш:
отыру жүрелеп,
кету де түрегеп.
Он тоғыз жастағы жап-жас қыз
2-шi топтағы мүгедек.
Не керек
әлемнiң кеңдiгi? –
жанын жаралар
аяқтың кемдiгi.
Ол әлi бiр рет
толқынмен жарысып
жүзуге бармаған.
Ол әлi бiр рет
билi алаңға
билет алмаған.
Күйiктен жаралы
оның өзегi,
тартынып ағады
оның өзенi...
Түседi ол күнiне сан рет
қатал безбенге –
аяған көздер мен
мүсiркеу сөздерге!
Өтiнем, жап-жас қыз,
Жүректi ақсатпа.
Қара сен сенiммен
күндерге алдағы...
Қыз үнсiз қарайды
арманға, үмiтке, мақсатқа.
Сықырлап, ыңырсып жылайды
қолтықтан сүйеген балдағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

2-ші топтағы мүгедек өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

2-ші топтағы мүгедек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

2-ші топтағы мүгедек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

2-ші топтағы мүгедек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері