Қамыстай сұңғақ бiр Қамар – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қамыстай сұңғақ бiр Қамар» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 753
Қамыстай сұңғақ бiр Қамар
Қайыңдай толқып, ырғалар.
Қасынан өтсе қас сұлу,
Қарамай оған кiм қалар?!
Қаракөзайым қалқадан
Қапыда кiмдер құр қалар?!
Құлқыны – құдық қу Нəпсi
Құлқына қыздың құл болар!
Бейiлiң беймаз күй кешер,
Бейiштен келсе бiр хабар.
Елiкке ерке елеңдеп,
Екi де көзiң нұрланар!
Перизат жеңсе еркiңдi,
Перiште көңiлiң мұңданар.
Көлденең көзге көрiнбес -
Көркiне қыздың кiм қанар?
Көрсем деп жүзiн мүбəрəк
Көктегi Ай да ұрланар.
Толықсып пiскен бəденге
Тоқтамай көзiң сырғанар.
Кiрпiгiн ашса – таң атып,
Жасаурап жанар нымданар.
Кiрпiгiн жапса – Күн батып,
Маңайды мұңлы түн қамар.
Көксеген сайын бiр сағым
Көңiлден көшпей тұрып алар…
Қобыздай бөксе, Ысқышың
Тиiп бiр кетсе, ыңыранар.
Қас қағым қабақ қағыста
Ындыны бөлек ымыра бар
Шашақты шалғын шатқалда
Жасырын жатқан құмыра бар…
Жылымық жылға болмаса,
Басынан бұлақ тұнып ағар.
Телiсiз тентек болмаса,
Тектiден ептi ұрық алар.
…Опалы оғылан о бастан
Осының бəрiн бiлiп алар.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері