Аямай-ақ қой менi, аямай-ақ
Бұл бетте «Аямай-ақ қой менi, аямай-ақ» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аямай-ақ қой менi, аямай-ақ
Бiрi екен деп ақынның жалаңаяқ.
Сенiң құлқың – құныкер қу дүние,
Менiң мүлкiм – тар кепеш, табақ-аяқ…
Жүрген жан деп ойлама Жұмақ iздеп,
Жұмақ бiздi неғылсын, күнəмiз көп…
Талқанымыз таусылып қалғандай ма,
Ана қыз деп, жүргенде мына қыз деп.
Қалды дейсiң қай қызық қыздан басқа,
«Өлсем, орным қара жер сыз болмас па»?
Ауызға алып Алла атын ант етемiн
Қыздан басқа нəрсенi қызғанбасқа!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі