Мына марғау тiршiлiкте тым сараң – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мына марғау тiршiлiкте тым сараң» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 755
Мына марғау тiршiлiкте тым сараң
Еркек басым еркелейдi бiр саған.
Тiлегiммен үндескендей күй кешем,
Жүрегiмнен жүрiп өтсе үр-самал.
Жалғыз ғана сен баурайсың жан-тəндi,
Ерiнiңнен, емiренсем, бал тамды.
Сенiмен бiр батырсам-ау əр күндi,
Сенiмен бiр атырсам-ау əр таңды.
Неге сонша, iңкəрiм-ау, iшке ендiң?
Түндiгiмдi жапқан сайын түске ендiң.
Көкiрегiмдi ашып қалсам мүбада,
Саған қарай самғап ұшар құс-көңлiм!
Қол созымда ұшып-қонған нендей бақ?
Сол құрғырды жүрсiң бе екен сен де ойлап?..
Аспандағы қарап қойып Айға анау
«Айналдым…» деп күбiрлеймiн мен бейбақ.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері