Шəркез уға шаркесем толы бiлем – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Шəркез уға шаркесем толы бiлем» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 762
Шəркез уға шаркесем толы бiлем –
Сарғайып өң,
Барады солып iрең.
Қарайғанға ұрынып..,
Қарап жүрмей
Қашан ғана мен саған жолығып ем?!
Сағыну ма,
Бiлмеймiн, жабығу ма,
Тəнiм дертiп, шөлдедi жаным уға.
Жайымды айтып,
Көзiмнен жас парлатып
Жаратқанға бейiлмiн жалынуға.
Алма-кезек астасып уайым, налу,
Қапалану, түңiлу, қайыл қалу..,
Шара таппай қиналған кездерiмде
Шарапаттай жарылқар жайылған у.
Айта алмаймын мен сенi Перi қыз деп,
Перi қыз деп адасқан жерiмiз көп…
Сау бастағы сақинам былай тұрсын,
Сенделедi жүрегiм серiк iздеп.
Уа, дариға!
Дəргүмəн кiм едiң сен?
Жай-күйiмдi қайтедi бiле жүрсең?
Өзiң түгiл, зар болдым көлеңкеңе,
Көлеңкеңдi көрсетшi?
Тiлегiм сол!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шəркез уға шаркесем толы бiлем өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Шəркез уға шаркесем толы бiлем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шəркез уға шаркесем толы бiлем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шəркез уға шаркесем толы бiлем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері