Бұл бетте «Айтпашы өткенiңдi, өтiнемiн» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айтпашы өткенiңдi, өтiнемiн,
Жүрегiм – жылап қалар жетiмегiм.
Тылсымға кезiккендей, тiл байланып,
Күрсiнге толып кеттi-ау көкiрегiм.
Айтпашы өткенiңдi, сұранамын,
Батпай жүр бұл фəниде күнəға кiм?..
Тəңiрге тақуаша тəн бере алсақ,
Табармыз тазарудың бiр амалын.
Айтпашы өткенiңдi, тағы өтiнем,
Тiрлiкте – бақ баянсыз, бəле – түгел.
Болдым ғой беттескендей Нəлетiмен,
Болдым ғой ет кескендей сан етiмнен!..
Айтпашы өткенiңдi,
Мен сұраман.
Аяшы жүрегiмдi қансыраған.
Қай мұңлық ол байғұсты жаспен жуып,
Қай сұмдық ол бейбақты жаншымаған…
Айтпашы өткенiңдi…
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі