Өлең, жыр, ақындар

Əйел заты

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1257
«Əйел заты – залым. Ол ыстық жар құшағы мен суық ажал құшағында ғана қымбат»
(Проспер Мериме)

Əйелдiң етегiне құйын құмар,
Көз сүзсе, көрiнгендi үйiр қылар.
Бұқаға бетiн берiп тұрғанымен,
Өгiзге мөңiрейтiн сиыр бұлар.
Деген бар: «сиыр бiлмес сипағанды»,
Семiртiп жiбередi ұйқы адамды.
Ақ төсек, көк көрпенiң аясында
Қаншама ар мен намыс ұйпаланды…
Əйелдiң миығында Сайқал күлер,
Əйелдiң иығында Сайтан жүрер.
Маймылдың машақаты машығында,
Айғырдың бақуатын байтал бiлер.
Əйелге төсек – төркiн, өсек – өнер,
Еркiне еркек пошым есек ерер.
Əйелдiң байлауымен, айдауымен
Ит үрер, керуен керi көше берер…
Əйелдiң жаны – жұмақ, тəнi – тамұқ,
Болмайсың əрi бiлiп, əрi танып.
Жараңды тiлiменен жалап жазар,
Тұрса да өзегiнен қаны тамып.
Шараптың шарапаты – шырынында,
Дарақтың шапағаты – ұрығында.
Əлемнiң қасiретi – қара түнде,
Əйелдiң қасиетi – бұрымында!
Бұрым жоқ…
Бағынышты Бас Мойынға.
Қарсымда қара жылан қасқаюда!
Қара өлең ақ өлеңмен қайымдасып,
Кəрi емен иiледi жас қайыңға…
Жүрсе де жұлдыз бенен ай қасында,
Қашанғы қасiрет пен қайғы осында:
Əйелдiң сұлулығы – айнасында,
Əйелдiң ұлылығы – айласында!
Астаудан алтын құйған жем жесең де,
Дертiңдi есiң кетiп емдесең де,
Құл ғұрлы қара бақыр құның болса,
Əйелдiң айтқанына сенбе, сенбе!!!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көкiрегiнде көлдей тұнық мұңы бар

  • 0
  • 0

Көкiрегiнде көлдей тұнық мұңы бар
Ақын жанын сен ұқпасаң кiм ұғар?
Аспанда емес,
Алты қаздың əуенi

Толық

Хабарымды ел емес, жел біледі

  • 0
  • 0

Хабарымды ел емес, жел біледі,
Секемшілді сезіксіз сендіреді.
Құба жоннан асырып қу дүние,
Желмаяның өзін де желдіреді!

Толық

Түн жарымда жазылған жыр

  • 0
  • 0

Бұл өмірдің қыр-сырын кім ұғады?
Құбылады дүние, құбылады.
Шырай беріп Шығысқа шыққан Күнім
Неге беттеп барады құбыланы?

Толық

Қарап көріңіз