Түсiмде көрдiм жалаңаш – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Түсiмде көрдiм жалаңаш» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 826
Түсiмде көрдiм жалаңаш,
Өңiмде көрдiм жалаңаш.
Шарана кейпiң шала мас
Шайтанмен шарғи шамалас.
Түсiмде көрдiм жалаңаш,
Өңiмде көрдiм жалаңаш.
Нəп көрсе қайтем жанымды
Нəпсiнiң құрты қара бас?
Түсiмде көрдiм жалаңаш,
Өңiмде көрдiм жалаңаш.
Дарағаш күтiп тұрса да
Жалаңаш жүрген жарамас!
Түсiмде көрдiм жалаңаш,
Өңiмде көрдiм жалаңаш.
Жаманға жақсы қарамас,
Жақсыға жаман жарамас.
Түсiмде көрдiм жалаңаш,
Өңiмде көрдiм жалаңаш.
Құзғынға құрбы Құладын,
Қарғаға мекен Қарағаш…
Түсiмде көрдiм жалаңаш,
Өңiмде көрдiм жалаңаш.
Бейкүнə бикеш бейопа
Қайғыңа сенiң қарамас.
Жақында, жат та шала мас,
Жаһаның жəми жалаңаш!
Жаратқан ием, бар болсаң,
Жапанға менi ала қаш!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері