Сезiмдi ұрладың
Бұл бетте «Сезiмдi ұрладың» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сезiмдi ұрладың,
Өзiмдi ұрладың.
Шыным бұл!
Құлыншақтайын
Құшағыңа келiп
тығылдым.
Сарғайған күзде
Сағағымменен
Жұлындым.
Сағынған күйде,
Жанарымменен
Жұмылдым.
Балапан басым
Бауырыңа енiп
Жылындым.
Қарақан басым
Қалайша саған
Ұрындым?
Орынсыз деме:
Оңаша айтар
Сырым бұл –
Өзгеге емес,
Өзiңе ғана бұрылдым.
«Ұрындап келген,
Қырындап көрген
Ұрыңмын, – дешi, –
Ұрыңмын, – дешi, –
Ұрыңмын?..»
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі