Кезiнде бəрi болған, бəрi болған – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Кезiнде бəрi болған, бəрi болған» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 594
Кезiнде бəрi болған, бəрi болған,
Бүгiнде əрi шындык, əрi жалған.
Құндыз да жағамызға жараса қап,
Жұлдыз да тұрушы едi жанып алдан.
Салмақтап сақинасын Сауысқан-қыз,
Сабырды сарқып iшiп тауысқанбыз.
Көз салған көш алдына Төлегендей
Бiрiнен бiреуiне ауысқанбыз.
Бiрiнен қу қыздардың бiрi өткенде,
Жүрегiң жүрдек соғып дiр еткенде,
Баянға басымызды байлап берiп,
Күтушi ек жылы сөздi Жiбектен де.
Сұлу ғой қыз кезiнде бəрi қыздың,
Апыр-ау, сол сұлу ма –
Жарымыз кiм?
Жоғалтса сақинасын Сауысқан-қыз,
Сырғасы құлағында сары күздiң.
Бəрi рас,
Бəрi ақиқат,
Болған бəрi...
Бүгiнде жанқалтамыз толған дəрi.
Құдай-ау, бiздер қайда,
Қыздар қайда –
Ұқсаған ақтиiнге ормандағы?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кезiнде бəрi болған, бəрi болған өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Кезiнде бəрi болған, бəрi болған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кезiнде бəрi болған, бəрi болған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кезiнде бəрi болған, бəрi болған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері