Шашыңнан иiскедiм қара мақпал – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Шашыңнан иiскедiм қара мақпал» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 684
Шашыңнан иiскедiм қара мақпал,
Айналып қара түнге бара жатқан.
Жусан ба,
Дəрмене ме..,
Дəл осылай
Бiр жұпар аңқушы едi-ау Дала жақтан!
...Ен тоғай,
Түстi есiме Сыр жағасы –
Дүлдүлдiң дүниауи дүрданасы.
Ахметке Арыстанбаб рəуа еткен
Осында өскен дейдi құрма ағашы...
Осында өскен жəне Əл-Фараби,
Əлдилеп ақ бесiгiн алқара күй.
Сейхун мен Жейхундайын шалқар ағын
Əлемнiң кезiп кеткен шартарабын!
Осында өмiр кештi дадам Қорқыт,
Сам құшып,
Саумал iшiп,
Самалға елтiп.
Бəсiне сөз жетпейтiн Отырардың
Басына барар ма едiм баламды ертiп...
Əттең-ай, қол қысқасы, жол ұзағы
Тағдырдың көзiнен жас тамызады.
Қыз бенен Қызылқұмдай қай жерде бар
Аптаптың алабөтен аңызағы?!
...Шашыңнан иiскедiм қара мақпал,
Айналып қара түнге бара жатқан.
Жусан ба,
Дəрмене ме..,
Дəл осылай
Бiр жұпар аңқушы едi-ау Дала жақтан!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Шашыңнан иiскедiм қара мақпал өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Шашыңнан иiскедiм қара мақпал өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Шашыңнан иiскедiм қара мақпал өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Шашыңнан иiскедiм қара мақпал өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері