Жаса, Железин! – Ерлан Ахмет

Бұл бетте «Жаса, Железин!» атты Ерлан Ахмет жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тарихыңның Үрлітүп – тамырындай,
Жетіп тұрған замана сарынындай.
Озерный мен Алакөл, Жаңа жұлдыз –
жаңа ғасыр жолының жарығындай.

Ардақтайтын Аққайың, Ақтауың бар,
Башмашында бағзыдан жатқан үн бар.
Қызған сайын темірдей қайратыңды
азаматтар асырған мақтауың бар.

Ақсақалдан бата алған,
Адалдыққа бет алған.
Айналайын халқым-ау,
Адаспайтын қатардан.
Аңсап жеткен бар арман –
Азаттығы саналған.
Асқақ елім жаралған,
Ай-хай, Ұлы даламнан.

Новомир мен Леснойды араларсың,
Ақ Ертістің бойын да жағаларсың.
Веселая рощаның орманындай,
Жауһар жерді қай жақтан таба аларсың?

Еңбекші де шаттанып, ән салдырған,
Михайловка жидекке тамсандырған.
Ел мен елді жалғайтын елшідейін,
Құшақ жайып тұрады қарсы алдыңнан.

Арайлы таң атырған,
Алтын бидай сапырған.
Айналайын, халқым-ау,
Асқақтаған атыңнан.
Ақ Ертістен нәр алған,
Алты алашқа таралған.
Айбынды елім жаралған,
Ай-хай, Ұлы даламнан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаса, Железин! өлеңінің авторы кім?

Ерлан Ахмет — осы өлеңнің авторы.

Жаса, Железин! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаса, Железин! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Ахмет өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жаса, Железин! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері