Қайғысыз, мұңсыз қайда бақ – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қайғысыз, мұңсыз қайда бақ» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 873
Қайғысыз, мұңсыз қайда бақ,
Жылай да жүрiп күлерсiң.
Ақ шəлi ару Айды орап,
Ақшамым, мейлi, түнерсiн:
Қос өкпе қунап,
Төсекке
Құлшынып енгiм келедi.
Өлеңге,
Өртке,
Өсекке..,
Тұншығып өлгiм келедi!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері