Шерте бермей шер, мұңды
Бұл бетте «Шерте бермей шер, мұңды» атты Исраил Сапарбай жазған мұң туралы өлең берілген.
Шерте бермей шер, мұңды,
Жазмышыма көнсем-ау.
Күйiп-жанған ернiндi
Сүйiп жатып өлсем-ау...
Кiм ұйқылы?
Кiм ояу?
Шықпай жатыр неге Күн?
Қандай ғажап, құдай-ау,
«Мен сендiкпiн...» дегенiң?!
Ерiнiме кезерген
Нəр тамызсын таңғы ауа.
Əн мен шарап ежелден
Ақындарға жандауа!..
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі