Байыз таппас бақыттың – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Байыз таппас бақыттың» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 706
Байыз таппас бақыттың
Басқа түскен салмағы-ай:
Сенiмен бiр батып күн,
Сенсiз атқан таңдар-ай...
Берсең еттi бiр дерек
Əуезiме «əу» деп бiр?
Үмiт болсаң үргедек,
Несiне онда əуре еттiң?
Өмiр тоқып өрмектен
Арамыздан өттi ай, күн...
Хабары жоқ жер-көктен
Қадiрiңдi жоқтаймын.
Сарыауруын iзгi ойдың
Сары алтындай сақтаймын.
Неге сенi iздеймiн?
Неге сенi таппаймын?
Сағындырған кездердi
Сананда ылғи сақтау – мұң.
Құс та қайтар кез болды
Аржағынан Қап таудың.
Жанға дауа жарығы ең
Жалғыз ғана тiлектiң,
Қиын екен бəрiнен
Сыздағаны жүректiң...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Байыз таппас бақыттың өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Байыз таппас бақыттың өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Байыз таппас бақыттың өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Байыз таппас бақыттың өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері