Жыр жазбайтын ақынымсыз сіз менің – Әлия Дәулетбаева

Бұл бетте «Жыр жазбайтын ақынымсыз сіз менің» атты Әлия Дәулетбаева жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 16.01.2022
  • 0
  • 0
  • 1148
Жыр жазбайтын ақынымсыз сіз менің...

Көктемдерден сезінсем де күз демін,
Мен әйтеуір сізден күдер үзбедім.
Жырақтағы жақынымсыз сіз менің,
Жыр жазбайтын ақынымсыз сіз менің.

Жыр жазбайтын ақынымсыз аяулы,
Сізді ойлауды қашан... қайтіп қоярмын?..
Шын іңкәрім, жүрмін-ау деп жады боп,
Бүгін тағы мұңдылау боп ояндым.

Бүгін тағы елітпеді ештеңе,
Сізге мүлде кезікпесем... не істер ем...
Сезім іздеп сарқылғанда сабырым,
Көзіңізден көздеріме көшті өлең.

Көзіңізден күннен нұрлы мейірбан,
Көкірегіме мың бір шуақ құйылған.
Сізді сүю-бақыт әрі баз кешу
Менің ғана маңдайыма бұйырған.

Жалғап жүріп жылдарымның тізбегін,
Бәлкім сізді өмір бойы іздедім.
Жырақтағы жақынымсыз сіз менің,
Жыр жазбайтын ақынымсыз сіз менің.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жыр жазбайтын ақынымсыз сіз менің өлеңінің авторы кім?

Әлия Дәулетбаева — осы өлеңнің авторы.

Жыр жазбайтын ақынымсыз сіз менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жыр жазбайтын ақынымсыз сіз менің өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жыр жазбайтын ақынымсыз сіз менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері