Бұл бетте «Байыз таппас бақыттың» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Байыз таппас бақыттың
Басқа түскен салмағы-ай:
Сенiмен бiр батып күн,
Сенсiз атқан таңдар-ай...
Берсең еттi бiр дерек
Əуезiме «əу» деп бiр?
Үмiт болсаң үргедек,
Несiне онда əуре еттiң?
Өмiр тоқып өрмектен
Арамыздан өттi ай, күн...
Хабары жоқ жер-көктен
Қадiрiңдi жоқтаймын.
Сарыауруын iзгi ойдың
Сары алтындай сақтаймын.
Неге сенi iздеймiн?
Неге сенi таппаймын?
Сағындырған кездердi
Сананда ылғи сақтау – мұң.
Құс та қайтар кез болды
Аржағынан Қап таудың.
Жанға дауа жарығы ең
Жалғыз ғана тiлектiң,
Қиын екен бəрiнен
Сыздағаны жүректiң...
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі