Перiште пейiлiндей пешенелiм
Бұл бетте «Перiште пейiлiндей пешенелiм» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Перiште пейiлiндей пешенелiм,
Ұйқымды шəйдай аштың неше менiң...
Кездесiп тұрайықшы кешкi əлетте
Жонында Көктөбе мен Көсегенiң.
Кездесiп тұрайықшы демiл-демiл,
Емiнiп, еншiлесiп ерiнге ерiн...
Есiмнен жатсам-тұрсам шығар ма екен
Кербезсiп керiлгенiң, ерiнгенiң...
Есiмнен шығар ма екен тəттi өбiсiң,
«Iздеген – сұрағанға» тап келiсiң?!
Ла-Макан лəззатыңа не жетедi,
Жаралған жан болсаң да «əттең...» үшiн!
«Əттең-ай, əй, əттең-ай, əттеңайлап»
Артыңда көкемай мен көк тоғай қап,
Алдыңнан шыға келер əлем-жəлем
Шайынып таң нұрымен жатқан аймақ...
Үй бары, еске түсiп бала бары,
Жаныңды жегiдей жеп жар амалы..,
Есiктен төрге озып жантаярсың
Жадыңнан шығара алмай «жан ағаны»...
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі