Қасқыр қапқан қақпан сынды қала тар – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Қасқыр қапқан қақпан сынды қала тар» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 781
Қасқыр қапқан қақпан сынды қала тар,
Етек-жеңi далақтаған дала қар.
Жанарыңнан Күн шуағы жамырап,
Кiрпiгiңдi көтергенше таң атар.
Тiршiлiктiң талақ тастап қамытын,
Қалғып кеткен қас арудай... əлi түн.
Ай бетiнде ұйып қалған ақ сүттей
Таңғы ұйқының тəттi бiлем дəмi тым.
Ұйықта, ұйықта,
Алаң болма, тағы ұйықта –
Қара түннiң қанатында қалықта!
... Ертең бiздер,
Ұйқың қансын-қанбасын,
Екi бөлек жатамыз ғой табытта...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері