Арғы бiр тегi асылдан – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Арғы бiр тегi асылдан» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 695
Арғы бiр тегi асылдан,
Мекенi жайлау-жасылдан.
Аңсап бiр келген кезiңде
Мойныңа келiп асылған.
Жүрегi аттай тулаған
Бiр елi қалмай қасыңнан.
Ақ дидарын көргенше,
Ақ төсекке кiргенше,
Ақ көйлегiн түргенше
Жамылғының iшiне
Жан дауасын жасырған.
Аққудай мойнын иiлтiп,
Сүйдiре түсiп, сүйiнтiп,
Ақ бəденiн бүргенше
Тамырда қаның тасыған.
Сайлауыт көлдiң сазаны,
Сабырсыз ердiң «азабы»,
Мастыққа бөгiп мазалы,
Жастыққа шашы шашылған.
Жұмыла түсiп көздерi,
Құмыға өшiп сөздерi,
Қол-аяқ сəтте қосылған:
Өзiне жетпей өз демi,
Баяулап барып басылған...
«Бақытым, балым, барым...» деп,
«Жарығым, жаным, жарым...» деп,
Алмадай жүзi албырап,
Алланың берген ырзығы
Аяғыңа келiп бас ұрған!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері