Сен өлеңсiң – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сен өлеңсiң» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 706
Сен өлеңсiң,
Тұп-тұнық тұма жырсың!
Тумай жатып туажат күнəлiмсiң.
Адам болып келген соң бұл фəниге
Сүймей, күймей күнəдан кiм арылсын?!
Тұма жырсың!
Ендеше, сен мендесiң,
Кеудемдесiң,
Шерлiсiң,
Шермендесiң...
Тəңiр сыйы – басыма тəж кигiзiп,
Пақырыңды патшаға теңгергенсiң!
Сүйдiм сенi,
Ес-түстен мəңгi айрылып,
Құбылаға құлдайын маңдай бұрып.
Тəуекелдiң түбiне тастай баттым,
Тағдырымның тəлкегiн таңдай бiлiп.
Сүйдiм сенi,
/Хақ куə бiр басыма/
Тұңғиықтың телмiрiп тұнбасына.
Əуезелеп айта алман мұны ешкiмге,
Айды əкелiп салса да Түн қасыма.
Сен өлеңсiң!
Өмiрге өлең ғашық.
Қара жердi сен үшiн келем басып.
Күтiп алар-алмассың құрақ ұшып,
Құтыла алар халiң жоқ менен қашып!..


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері