Жұлдызға – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Жұлдызға» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1177
Жұлдызға

Нұрлы жанар, ай маңдай –
Жұлдыз құйған шəй қандай?!
Перiштенiң дəл өзi
Дастарқанын жайғандай!
Қаймақ қосқан, бал қосқан
Шəйға шөлiм қанбастан,
Қарай берем жүзiне
Қарашығым талмастан.
Көңiл шiркiн құлшынды,
Сезiм шiркiн күрсiндi...
Қан жүгiрген ақша бет
Қауыз ашқан гүл сынды,
Əппақ тiсi тiзiлген,
Кiрпiктерi сүзiлген.
Гүл өнетiн шығар-ау
Жүрiп өткен iзiнен!..
Ерiп кетер таңдайда
Ернi, бəлкiм, балдай ма?..
...Бұйырмай ма бiр жұлдыз
Мына бiздiң маңдайға?
Қапелiмде, қайран-ай,
Оны ұғатын жан қайда?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұлдызға өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Жұлдызға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұлдызға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұлдызға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері