Аққу
Бұл бетте «Аққу» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айдында аққу керiледi
Ару қыздай суға барған.
Көктен шуақ төгiледi,
Көкiректе тулап арман.
Айдында аққу таранады
Ару қыздай суға барған.
Жағалауға қаранады,
Жан-жағында шулап орман.
Айдында аққу шомылады,
Əппақ мойнын суға малған.
Маған қашан жолығады
Сол сұлу қыз суға барған?
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі