Шашыңнан сүйер едiм талдап қана – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Шашыңнан сүйер едiм талдап қана» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 678
Шашыңнан сүйер едiм талдап қана,
Қасымда қалар болсаң əруақта да.
Жарлығын Жаратқанның екi етпестен
Өзiңдi тапқан екен əруақты ана.
Шашыңның тарқатылған санап талын,
Байқамай қалдым бiлем таң атқанын...
Не шара, Айды еншiме бере тұрып,
Жiберсе Күндi елшiге Жаратқаным?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері