Көркiң-ай, көркiң, беу, сенiң! – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Көркiң-ай, көркiң, беу, сенiң!» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 712
Көркiң-ай, көркiң, беу, сенiң!
«Көрсем-ау, шiркiн...» деушi едiм.
Ай шығады екен аспанға,
Батысқа балқып енсе Күн.
Аспанға қалқып шыққан Ай
Арзуымды əппақ құптағай.
Тiлектi iңкəр құп алып,
Жүректi сыңар жұптағай.
Көргенiм құрсын, көргенiм,
Көзiме тұнды көл менiң.
Тежеусiз тентек жүрегiм
Тепкiлеп жатыр жөргегiн.
Көрсетпей қойды көк Айды,
Күлкiсiз күнiм көбейдi.
Мендегi ғашық хал осы,
Сендегi жүрек не дейдi?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері