Гүлдесте – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Гүлдесте» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 1104
(Əзіл)

Ұсынғанда Гүлдесте
Қыз жымиып күлмес пе,
Айтсам деген сырыңды
Айтқызбай-ақ білмес пе?
Жымиғаны жарасып,
Жыли қалып қарашық,
Кетер, бəлкім, гүл шоғы
Жүрегіне жол ашып!
Бал-бұл жанып іреңі,
Жиі соғып жүрегі,
Қыз жымиып күледі,
Өзі де бір гүл еді!
...Ұсынғанда Гүлдесте
Қыз жымиып күлмес пе,
Ал сонан соң... бір кеште
Құшағына кірмес пе?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүлдесте өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Гүлдесте өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүлдесте өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүлдесте өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері