Сенбеймісің – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Сенбеймісің» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 19.07.2021
  • 0
  • 0
  • 769
Сенбеймісің,
Жаным-ау, сенбеймісің?
Құм суырған құйын, я жел деймісің?
Күдігіңді бір жолға қоя тұрып,
«Тəуекел!» – деп қасыма келмеймісің?!
Сенбеймісің,
Жаным-ау, сенбеймісің?
«Сергелдең жан,
сенделген сең» – деймісің?
Алақанға қондырып алмаймын ба
Тəңірім маған жіберсе сендей құсын?!
Сенбеймісің,
Жаным-ау, сенбеймісің?
Көңілімді көл емес,
шөл деймісің?
Жақсы көрсең несіне жатырқайсың,
Құшағына қуанып енбеймісің?!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері