Ақ қайыңды көремін қыз баладай –
Исраил Сапарбай
Бұл бетте «Ақ қайыңды көремін қыз баладай» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ақ қайыңды көремін қыз баладай,
Жапырағын жұлмағай ызғар оңай.
Ұзақтайын демесең қасыма кел,
Сіз – ақ қайың болғанда, біз – қарағай.
Жаралмай ма жақындық жарасымнан?
Жатырқама, бол маған жанашыр жан.
Желді күнгі теңселген теректейін
Жүрегімді аяла аласұрған.
Соқсын жүрек өзің деп аласұра,
Жара қоспа жанымның жарасына.
Дауыл күні қайың да иіліп кеп,
Енбес пе еді теректің панасына?!
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі