Жұлдым, таттым талайын көк алманың
Бұл бетте «Жұлдым, таттым талайын көк алманың» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жұлдым, таттым талайын көк алманың,
Сүйдім, таптым деп жəне көп алдандым.
Қанша қыз бар қалада...
Сенен бірақ
асып туған аруды таба алмадым.
Сен сұлусың бəрінен!
Жоқ күмəнім,
Қайтем көлдің көзбояу көк құрағын!
Жалғыз сəтке жанымда болмай қалсаң,
Көңілімді – көбелек отқа ұрамын.
Сен сұлусың,
Көзіңде – көл бейнесі.
Желбір қағып, үкілім, желге ойнашы.
Мынау бес күн жалғанда жалт етпелі
Кімнің сұлу болғысы келмейді осы?!
Сен ерексің,
бөлексің, дара, ғажап!
Сендей сұлу қыз мына қалада жоқ!
Қыз Жібекке теңей ме, білмесе егер
сұлулықтың қадірін дана қазақ?!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі