Мезгіл ауып барады Қарашаға – Исраил Сапарбай

Бұл бетте «Мезгіл ауып барады Қарашаға» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 20.07.2021
  • 0
  • 0
  • 987
Мезгіл ауып барады Қарашаға,
Хал-жайыма Қараша караса ма?
Əлі күнге өзіңді аңсай берем
Жəрмеңкесі жастықтың тараса да.
Топ ішінен өзің ең таңдағаным,
Тағдырыма жазбаса, бар ма амалым,
...Тоты қыздың қылығы еске түссе,
Төсегімнен тұра алмай дал боламын.
Балақаздай баптаған құсым едің,
Алажаздай айдында ұшып едің.
Көрсем-ау деп жүзінді жүдей-жүдей
жүз батпан жүк жүрекке түсіремін.
Мезгіл ауып барады Қарашаға,
Қарашамен жай-күйім жараса ма?
Жалғыздықтан құтқарар жан көрмедім,
Өзің келіп түспесең арашаға...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері